ТүркПА байқаушылары: Қазақстан халқы белсенді дауыс беруде

ТүркПА байқаушылары: Қазақстан халқы белсенді дауыс беруде
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік ассамблеясының байқаушылары Астана, Алматы және Түркістан қалаларындағы 45 сайлау учаскесіне барды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

ТҮРКПА Бас хатшысы Рамиль Сагиб оглы Гасан Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында миссия мүшелері дауыс берушілердің құқықтарының бұзылу фактілерін байқамағанын айтты.

«Қазақстан халқы бұл процеске ерікті түрде, белсенді қатысып, өз дауыстарын беріп жатыр», – деді спикер.

Еске салсақ, бұған дейін Әзербайжанның ОСК төрағасы Қазақстандағы 50 сайлау учаскесін аралағанын хабарладық.