Әзербайжанның ОСК төрағасы Қазақстандағы 50 сайлау учаскесін аралады
Әзербайжан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазаир Панахов бүгін Қазақстандағы референдумның өту барысын бақылап жүр, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Делегация осы уақытқа дейін 50 сайлау учаскесінде болып үлгерді. Сапар барысында дауыс беру процесі жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны атап өтілді. Яғни барлық учаскелер қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген, санитарлық және техникалық талаптар сақталған, ал дауыс беру тыныш әрі реттелген жағдайда өтіп жатыр.
Учаскелерде жұмыс істеп жатқан бақылаушылар да ұйымдастыру деңгейінің жоғары екенін және қызметкерлердің жақсы дайындалғанын атап өтті. Барлық техникалық және ұйымдастырушылық мәселелер бақылауда, бұл азаматтардың өз дауысын қауіпсіз әрі қолайлы жағдайда беруіне мүмкіндік береді.