Шымкентте құны 69 млрд теңгені құрайтын жылыжай кешені салынады
4 желтоқсан, 2025
Ауыл шаруашылығы министрлігінен
Шымкент қаласында құны 69 млрд теңгені құрайтын заманауи жылыжай кешенінің құрылысы басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жобаға поляктық Fabe-Agro компаниясы бастамашылық жасады және негізгі инвестор да осы компания.
«Жаңа кешен көкөністер, бақша өнімдері, тамыржемістер мен түйнектер өсіруге арналған және жалпы аумағы 144 гектар. Қазіргі уақытта нысанда инженерлік коммуникацияларды тарту жұмыстары жүргізілуде.
Толық іске қосылғанда кешенде жыл сайын 36 мың тоннаға дейін көкөніс өнімдері өндірілетін болады», - делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында.
Жобаны аяқтау 2028 жылға жоспарланған.
Бұған дейін Шымкентте жылына 155 мың тонна қызанақ өндіруге есептелген, еліміздегі ең ірі жылыжай кешендерінің бірі ашылған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
1 тамыз, 2026
CATHAY PACIFIC CARGO Астана халықаралық әуежайы арқылы тұрақты жүк рейстерін іске қосты
31 шілде, 2026
Ұлттық банк халық несиесінің өсуін тежеуге арналған шараларды қарастырып жатыр
30 шілде, 2026
Абай облысында «EcoForest» ағаш өңдеу өнеркәсіптік паркінің құрылысы басталды
30 шілде, 2026
Астанадағы айырбастау пунктеріндегі бүгінгі валюта бағамы