Жалпыұлттық аза тұту күні

Студенттер сарайының шатыры не себепті түнде опырылғаны белгілі болды

24 қыркүйек, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Студенттер сарайының шатыры не себепті түнде опырылғаны белгілі болды
Фото: instagram.com/farabi_university

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайын реконструкциялау жұмыстарына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Elordainfo.kz университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Университеттің мәліметінше, 23 қыркүйекке қараған түні ғимараттың шатырын жоспарлы түрде бөлшектеу жұмыстары жүргізілген.

«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және оқу процесіне кедергі келтірмеу мақсатында барлық жұмыс түнгі уақытта орындалды. Мердігерлер тарапынан қауіпсіздік шаралары толық сақталды. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы ғимаратының бір бөлігі опырылғанын жаздық. Оқиғаға қатысты университет бұған дейін ғимараттың техникалық жағдайы мен реконструкция жоспарлары туралы түсініктеме берген болатын.