Қазақстан құрамасы дзюдодан Азия чемпионатының финалына шықты

19 сәуір, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстан құрамасы дзюдодан Азия чемпионатының финалына шықты
Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасы дзюдодан Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Аралас командалық сайыстың жартылай финалында отандастарымыз БАӘ құрамасынан басым түсті.

Кездесу 4:3 есебімен аяқталды. Мөлдір Нарынова (70 келіге дейін) шешуші ұпайға қол жеткізді.

Жартылай финалда ел намысын Бақыт Құсақбаева (57 келіге дейін), Әнуар Жұмагелдин (73 келіге дейін), Мөлдір Нарынова (70 келіге дейін), Айбол Нысанәлі (90 келіге дейін), Марат Байқамұров (90 келіден жоғары), Назгүл Маратова (70 келіден жоғары) қорғады.

Еске салсақ, жас теннисші Аңсар Ниетқалиев Қытайдағы турнирде жеңімпаз атанды.