Қазақстан құрамасы батуттағы гимнастикадан әлем кубогы кезеңіне қатысады

10 маусым, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстан құрамасы батуттағы гимнастикадан әлем кубогы кезеңіне қатысады
Фото: olympic.kz

Халықаралық гимнастика федерациясы Коимбрада (Португалия) өтетін батуттағы гимнастикадан әлем кубогы кезеңінің қатысушылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Қазақстан құрамасының өтініміне бес спортшы енді.

Олар: Никита Тумаков, Роман Барков, Ерлан Тасмағамбетов, Виктория Бутолина және Евгения Чернышова.

Айта кетейік, Португалиядағы әлем кубогы кезеңі 4-5 шілде аралығында өтеді.

Сондай-ақ маусым айында қазақстандық спортшылар Арозада (Швейцария) өтетін әлем кубогы кезеңінде де өнер көрсетеді.

Бұған дейін волейболдан Қазақстан құрамасы AVC Women’s Nations Cup турнирінде үшінші жеңісіне қол жеткізгенін жаздық.