Астанада Наурыз мейрамында 5 жұптың некесі қиылды

21 наурыз, 2026
Дәукен Тұрдашев Дәукен Тұрдашев
Астанада Наурыз мейрамында 5 жұптың некесі қиылды
Фото: Астана әкімдігі

Астанада Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы аясында «Байқоңыр» ауданындағы Ататүрік саябағында ерекше әрі әсерлі іс-шара өтті. Көктемнің жаңаруымен астасқан мереке күні 5 жас жұптың некесі салтанатты түрде қиылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Махаббат пен адалдықтың символына айналған бұл маңызды сәт көпшілік алдында, ұлттық дәстүрлермен үйлестіріле отырып ұйымдастырылды. Жас жұбайларға ақ жаулықты аналар тілектерін айтып, жиналған қауым ізгі ниеттерін жеткізді.

Салтанатты рәсім мерекелік концертпен қатар өтіп, ұлттық әуендер мен көтеріңкі көңіл-күй ерекше атмосфера қалыптастырды. Бұл іс-шара Наурыз мейрамының мән-маңызын арттырып, жаңа отбасылар үшін берекелі бастаманың жарқын белгісіне айналды.