Ерлан Каналимов: Қазақстанның саяси және экономикалық салалардағы жетістіктерімен мақтанамыз
Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл - еліміз үшін аса маңызды күн. 1990 жылдың 25 қазанында Қазақстан әлемге өз егемендігін жариялап, жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалауға кірісті. Бұл күні біз халқымыздың бай тарихын, жеткен жетістіктерін және еңсерген қиындықтарын құрметпен және мақтанышпен еске аламыз. Бүгінгі күні біз Қазақстанның саяси және экономикалық салалардағы жетістіктерімен, халықаралық аренадағы табыстарымен мақтанамыз. Осы мерейлі мерекеде баршаңызға мықты денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен келісім, еңбекте табыс, жаңа жетістіктер, тұрақтылық пен бірлік тілеймін! Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлдене беруіне тілектеспін!», - делінген Ерлан Каналимовтың желідегі парақшасында.