Референдум-2026

Президент халықаралық гимнастика ұйымдарының басшыларын «Достық» орденімен марапаттады

Бүгін, 13:58
Думан Аманжол Думан Аманжол
Президент халықаралық гимнастика ұйымдарының басшыларын «Достық» орденімен марапаттады
Фото: Ақорда

Мемлекет басышсы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда және әлемде гимнастика спортын дамытуға қосқан үлесі үшін халықаралық спорт ұйымдарының жетекшілерін мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстанда және әлемде гимнастика спортын дамытуға сіңірген еңбегі үшін Халықаралық гимнастика федерациясының президенті Моринари Ватанабэні I дәрежелі «Достық» орденімен, ал Азия гимнастикалық одағының президенті Абдулрахман Әл-Шатриді II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы халықаралық гимнастика ұйымдарының жетекшілерін қабылдады.