Референдум-2026

Олжас Сыдықбек: Конституция – сенімді болашақтың бастауы

Бүгін, 15:48
Думан Аманжол Думан Аманжол
Олжас Сыдықбек: Конституция – сенімді болашақтың бастауы
Фото: Олжас Сыдықбектің жеке мұрағаты

Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Ақпараттық-талдау комиссиясының төрағасы Олжас Сыдықбек жаңа Конституцияның күшіне енуіне орай пікір білдіріп, Ата заңның әр азаматтың өмірінде ерекше маңызға ие екенін айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Оның айтуынша, Конституция – тек заңгерлерге арналған құжат емес, ол әр адамның құқықтары мен бостандықтарын айқындайтын негізгі заң.

«Құқығымыз қорғалса, пікірімізді еркін білдіре алсақ, білім алып, еңбек етіп, отбасымызды өсіріп, ертеңімізге сеніммен қарай алсақ – мұның бәрінің түп негізінде Конституция жатыр.

Жаңа Конституциямыз адамның құқықтары мен бостандықтарын жоғары бағалап, халықтың егемендігін, заң мен тәртіпті, білім мен ғылымды мемлекет дамуының маңызды тетіктері ретінде қарастырады.

Жаңа Конституцияның күшіне енуі құтты болсын», - деп жазды Олжас Сыдықбек әлеуметтік желіде.