Референдум-2026

Құрылтай сайлауындағы негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

Құрылтай сайлауындағы негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды
Фото: Оңалхан Өнерхан

23 тамызға тағайындалған Қазақстан Құрылтайының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

Сайлау күнтізбесі:

1 шілде — Сайлауды тағайындау

2 шілдеден - 13 шілдедегі сағат 18.00-ге дейін — Партиялық тізімдерді ұсыну

23 шілдедегі сағат 18.00-ге дейін — Партиялық тізімдерді тіркеу

11 шілдеге дейін — Аумақтық сайлау комиссияларының құрамдарын, олардың орналасқан жерлерін жариялау

16 шілдеге дейін — УСК құрамдарын, сайлау учаскелерінің шекаралары және сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін жариялау

23 шілдедегі сағат 18.01-ден бастап - 22 тамыздағы сағат 00.00-ге дейін — Сайлау алдындағы үгіт

2 тамыз - Учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша сайлаушылар тізімін ұсыну

7 тамыздан бастап -  Сайлаушыларды сайлаушылар тізімдеріндегі өздері туралы деректермен таныстыру

22 тамыз — Тыныштық күні

23 тамыз — Дауыс беру күні

Ұқсас жаңалықтар