Айболат Жаудыр: Жаңа Конституция мәдениет пен өнердің дамуына жаңа мүмкіндік береді
Астаналық цирктің бас директоры Айболат Жаудыр Қазақстанның жаңартылған Конституциясының күшіне енуіне байланысты пікір білдіріп, Ата заң ұлттық мәдениет пен өнерді дамытуға тың серпін беретінін айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Оның айтуынша, 1 шілдеден бастап қолданысқа енген жаңартылған Конституция – еліміздің тұрақты дамуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға бағытталған маңызды тарихи қадам.
«Мәдениет пен өнер – ұлттың рухани қазынасы. Жаңа Конституция ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, шығармашылық иелеріне қолдау көрсетуге және мәдениетімізді келер ұрпаққа аманат етуге берік жол салады.
Өнер – халықтың жаны, мәдениет – мемлекеттің мерейі. Сондықтан, біз, ел болашағына бағытталған игі бастамаларды қолдай отырып, ұлттық өнерімізді дамытуға, төл мәдениетімізді әлемге танытуға өз үлесімізді қоса береміз.
Жаңа Конститутция-жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, Конституциямыздың мәртебесі асқақ болсын! Бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болғай», деді Айболат Жаудыр.