Президент Каспийдегі қайғылы оқиғада аман қалған үш әскериді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады

27 қыркүйек, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Президент Каспийдегі қайғылы оқиғада аман қалған үш әскериді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады

Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ әскери қызметші «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Қуандық Бекет Бақтыбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы);

Темірхан Ақжол Тимурұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы);

Удалов Никита Александрович – 29011 әскери бөлімінің маманы (санитариялық нұсқаушысы).

Еске салайық, бұған дейін Каспийдегі қайғылы оқиғада қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталғаны туралы жаздық.