Серік Егізбаев: Тазалық - туған жерге деген құрмет
Дүниежүзілік тазалық күніне орай өткен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тазалықты бір реттік акция емес, қоғамның күнделікті мәдениетіне айналдырудың маңызын атап өтті. Президенттің осы бастамасына орай пікір білдірген ҚР Құрылтайы Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитетінің төрағасы Серік Егізбаев «Таза Қазақстанның» мәні мен қоғамдағы жауапкершілік мәдениетін қалыптастырудағы рөліне тоқталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Еліміз Дүниежүзілік тазалық күні - World Cleanup Day халықаралық экологиялық акциясына қосылып, «Таза Қазақстан» бастамасы аясында туған жерімізді абаттандыруға өз үлесін қосуда.
«Таза Қазақстан» - Президентіміздің ең маңызды бастамаларының бірі. Президент «Таза Қазақстанды» Әділетті Қазақстанның идеологиялық тіректерінің бірі ретінде атап өтті.
Мемлекет басшысы елді абаттандыру мен көгалдандыру бір реттік науқан болып қалмауы, жалпыұлттық міндетке айналуы тиіс екенін бірнеше рет атап өткенін бәрі біледі.Тазалық – тек көшені немесе ауланы жинау емес. Бұл – туған жерге деген құрмет, табиғатқа жанашырлық және ортақ кеңістікке жауапкершілікпен қарау мәдениеті.
«Ауыл» партиясы үшін туған жердің қадірі, еңбек және адам – басты құндылықтар. Сондықтан таза әрі жайлы ауыл, көркейген өңір, қорғалған жер мен су – келешек ұрпақ алдындағы ортақ міндет.
«Таза Қазақстан», «Таза Ауыл»– таза ниеттен, адал еңбектен және әр адамның кішкентай ісінен басталады.Бұл – табиғатқа ұқыпты қарау. Бұл – қоғамдық мүлікке құрметпен қарау. Тазалық- бұл вандализмді қабылдамау, тәртіпті басқа біреудің орнатуын күтпей, өзің тұратын кеңістік үшін жауапкершілікті сезіну әдеті
Ауыл партиясының мақсаты да осы - бүгінгі күні туған жеріміз үшін жасаған әрбір игі ісіміз - ертеңгі ұрпаққа қалдырар аманатымыз»,- деді Серік Егізбаев.