00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Elordainfo.kz тілшісі «Таза Қазақстан – таза Астана» байқауының жеңімпазы атанды

Elordainfo.kz тілшісі «Таза Қазақстан – таза Астана» байқауының жеңімпазы атанды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бүгін «Таза Қазақстан» экобағдарламасы аясында өткен «Таза Қазақстан – таза Астана» байқауының  жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Байқаудың мақсаты – «Таза Қазақстан» экобағдарламасы аясында Астана қаласының, оның маңындағы елді мекендердің санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, қоқыстарды жинау және кәдеге жарату (көшелерді, жолдарды, алаңдарды, тротуарларды, көлік жүретін жолдарды және басқа да қоғамдық орындарды қолмен және механикаландырылған тазалау); су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу (жылжымалы сорғы қондырғыларының көмегімен су басқан аумақтардан суды айдау; елді мекендерден қарды қар полигонына шығару); «Таза Қазақстан» мемлекеттік экологиялық бағдарламасы шеңберінде «Астана Тазалық» қызметінің қалыптасуы, дамуы, жетістіктері мен келешегі туралы айту.

«Байқауға 60-тан астам журналист пен блогерлер  қатысып, 100-ден астам  материалдар келіп түсті. «Астана Тазалық» ұйымы бірінші рет өткізіп отырған байқау үшін бұл өте жақсы көрсеткіш. «Таза Қазақстан» акциясын қолдау мақсатында түрлі материал жарияланды. Бұл - үлкен шара. Біз мұндай байқауды жыл сайын дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді «Астана Тазалық»  ЖШС директоры Замир Сагинов.

Марапаттау рәсіміне «Elorda Aqparat» ЖШС бас директоры Олжас Сыдықбек, ақпарат саласының үздігі Зейін Әліпбек, «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дәулетхан Жиенқұлов, ҚР Президенті баспасөз хатшысының орынбасары Ержан Байтілес, «Нұр-Медиа» холдингі басшысының орынбасары Шалқар Қожаев, сондай-ақ ҚР еңбек сіңірген қайраткері Досымжан Таңатаров қатысты.

Байқау 4 номинация бойынша өткізілді. Атап айтсақ, «Үздік телевизиялық материал»,  «Әлеуметтік желілердегі үздік жарияланым», «Баспа басылымындағы үздік мақала», «Интернет-басылымдағы үздік жарияланым».

«Үздік телевизиялық материал» номинациясы бойынша жеңімпаздар:

1 орын – Томирис Біләл, «24KZ» телеарнасы;

2 орын – Карима Садуақас, «QAZAQSTAN» телеарнасы;

3 орын – Мөлдір Сыздықбаева, «Хабар» телеарнасы;

3 орын – Дильназ Ерланова, «Астана» телеарнасы.

«Әлеуметтік желілердегі үздік жарияланым» номинациясы бойынша жеңімпаздар:

1 орын – Тимур Асылханов, блогер;

2 орын – Назым Болесова, Baq.kz;

3 орын – Данияр Сейсенбаев, блогер;

3 орын – Аршат Оразов, блогер;

«Баспа басылымындағы үздік мақала» номинациясы бойынша жеңімпаздар:

1 орын – Райхан Рахметова, «Астана ақшамы» газеті;

2 орын – Кәмила Дүйсенова, «Айқын» газеті;

3 орын – Шернияз Жалғасбекұлы, «Заң» газеті;

3 орын – Бақытбек Қадыр, «Егемен Қазақстан» газеті;

«Интернет-басылымдағы үздік жарияланым» номинациясы бойынша жеңімпаздар:

1 орын – Мақпал Орынбекқызы, Baq.kz сайты;

2 орын – Сабина Кәкімжан, Elordainfo.kz сайты;

3 орын – Ләззат Салимова, Nur.kz сайты;

Сондай-ақ бірнеше БАҚ өкілдері  «Астана Тазалық» компаниясының арнайы сыйлығымен марапатталды:

Мөлдір Молдағали, «24KZ» телеарнасы;

Ажар Лаубаева, El.kz;

Қалмахан Құрманғали, «Turaninform.kz»;

Мария Конюхова, «Elordainfo.kz» сайты;

Даля Насипова, «Алматы» телеарнасы;

Екатерина Тыщенко, «Вечерняя Астана» газеті;

Оксана Даирова, «Комсомольская правда» газеті;

Лаура Түсіпбекова, «Казахстанская правда» газеті.

БАҚ өкілдері «Таза Қазақстан» экоакциясының Астанада жүзеге асырылуын материалдарында жан-жақты насихаттаған.

«Таза Қазақстан – таза Астана» байқауы ел Тәуелсіздігінің мерейтойын мерекелеу шеңберінде өткізілді. Жеңімпаздардың жұмыстарын бағалау кезінде берілген тақырыптың өзектілігі және сәйкестігі, тақырыпты ашу, ұсынылған ақпараттың шынайылығы, баяндау стилі, авторқ пайымының бірегейлігі негізге алынды», - деді комиссия төрағасы, «QazaqGaz» ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз-қызметінің жетекшісі  Мұхит Ықылас.

Айта кетейік, байқауға қатысу үшін биыл 7 қазан мен 10 желтоқсан аралығында шыққан мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі материалдар қабылданды.

Биыл сәуір айынан бастап «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы аясында елорда тұрғындары жалпықалалық сенбіліктерге қатысты. Олардың әрқайсысы бекітілген аумақты қоқыстан тазартып, ағаштардың түбін қопсытып, жасыл желектер отырғызды. Мұндағы мақсат – көпшілік арасында тазалық мәдениетін дәріптеу.

Сабина КӘКІМЖАН