Референдум-2026

Геннадий Головкин ISSA вице-президенті қызметіне үміткер атанды

Бүгін, 10:09
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Геннадий Головкин ISSA вице-президенті қызметіне үміткер атанды
Фото: olympic.kz

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Азия және Еуропа бойынша Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA) вице-президенті лауазымына үміткерлердің ресми тізіміне енді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Оның кандидатурасы біліктілік және этикалық талаптарға сәйкестігін тексерудің белгіленген рәсімдерінен өтті. Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің атынан ISSA Атқарушы комитетінің 2026-2029 жылдардағы сайлауына үміткер ретінде тіркелді. Тиісті тізім ISSA құрамындағы барлық ҰОК-теріне жолданды.

Сайлау 12 қыркүйекте Сауд Арабиясының Таиф қаласында өтетін ISSA-ның 15-ші Бас ассамблеясы аясында ұйымдастырылады.

Айта кетейік, Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығы Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің Ұлттық Олимпиадалық комитеттерін біріктіреді. ISSA ұйымдастыруымен өтетін басты спорттық жарыстардың бірі – Ислам ынтымақтастығы ойындары.