Референдум-2026

Қазақстанда бизнестің бірыңғай цифрлық картасы құрылады

Бүгін, 11:21
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстанда бизнестің бірыңғай цифрлық картасы құрылады
Фото: magnific.com

Қазақстанда бизнестің цифрлық картасы құрылмақ, ол атаулы мемлекеттік қолдау мен деректер негізінде шешімдер қабылдау үшін жаңа құралға айналады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР ұлттық экономика вице-министрі Бекболат Молдабеков мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Бұл тұста жаңадан жүйе құрып емес, оны бірыңғай цифрлық платформаның өзегіне айналдыра отыра, қолданыстағы Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін дамыту ұсынылуда. Онда мемлекеттік деректер, бизнестің цифрлық бейіні, талдамалық сервистер, жасанды интеллект құралдары және мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну процестері біріктірілетін болады.

Бизнестің цифрлық картасы мемлекет, бизнес және қолдау шараларының операторлары үшін бірыңғай экожүйеге айналады. Жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін бірыңғай жеке кабинетпен, Қаржы министрлігінің жүйелерімен, мемлекеттік ақпараттық жүйелермен және мемлекеттік қолдау шараларының операторларымен интеграциялау көзделген.

Нәтижесінде әрбір кәсіпкерлік субъектісінің бірыңғай цифрлық бейіні қалыптастырылатын болады. Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайын, даму әлеуетін және тәуекел деңгейін ескере отырып, мемлекеттік қолдаудың атаулы шараларын ұсынуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар нақты уақыттағы экономикалық көрсеткіштерді бағалау, салық реформасы мен басқа да мемлекеттік шешімдердің бизнестің мінез-құлқына әсерін талдау және ұсынылатын қолдау шараларының тиімділігін анықтау үшін аналитикалық панельдер қол жетімді болады.

«Осылайша, мемлекеттік қолдау саласындағы шешімдер жекелеген статистикалық деректер негізінде емес, кешенді талдау және объективті көрсеткіштер негізінде қабылданатын болады», - деді Бекболат Молдабеков.

Еске сала кетейік, еліміздің нотариат саласына биометриялық сәйкестендіру мен ЖИ енгізіледі.