Header Banner

Мемлекет басшысы БАӘ Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Бүгін, 19:56
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Мемлекет басшысы БАӘ Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қасым-Жомарт Тоқаев Фуджейра әмірлігінде болған жол-көлік апатында адамдардың қаза табуына байланысты шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға көңіл айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы қайтыс болған жандардың туған-туыстары мен бауырлас Біріккен Араб Әмірліктері халқының қайғысына ортақтасып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілеулес екенін жеткізді.