Қазгидромет 14 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Синоптиктердің болжауынша, бүгін Астанада көшпелі бұлт шығады. Қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады.
Оңтүстік батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 м/с.
Күндіз ауа температурасы 0, +2°C.