Референдум-2026

Қазақстандық таеквондошылар халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды

Бүгін, 16:57
Думан Аманжол Думан Аманжол
Қазақстандық таеквондошылар халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы таеквондодан Ресейдің Одинцово қаласында өткен халықаралық турнирде үш медаль еншіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, 68 келіден жоғары салмақта Любовь Юн күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ осы салмақта Нұрила Жарас қола жүлдеге ие болды.

Ал 68 келіге дейінгі салмақта Балгерім Өтеген Қазақстан құрамасының қоржынына екінші қола жүлдені салды.

Еске салсақ, «Болашақ ойындары – 2026» турнирін әлем бойынша 453 млн-нан астам көрермен тамашалады.