Грант куәлігін алғаннан кейін не істеу керек - министрлік нұсқаулығы
Грант куәлігі grant.testcenter.kz сайтында қолжетімді. Ары қарай талапкерлер 25 тамызға (қоса алғанда) дейін грант немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін ЖОО-ларға құжаттар тапсыру керек, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
Қабылдау комиссияларына келесі құжаттарды ұсыну қажет:
-жеке куәлік,
-3х4 көлеміндегі фото,
-орта білім туралы аттестат немесе техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом,
-№ 075/у нысанындағы медициналық анықтама,
-ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігі,
-білім грантын тағайындау туралы электронды куәлік (болған жағдайда),
-жеңілдетілген санат бойынша растайтын құжаттар (болған жағдайда).
Еске салайық, бұған дейін бүгін тамыз ҰБТ-сы басталғанын хабарладық.