Референдум-2026

«Абайды оқы, таңырқа!»: шымкенттік прокурорлар ақын мұрасын дәріптеуге арналған бейнеролик әзірледі

Бүгін, 16:48
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
«Абайды оқы, таңырқа!»: шымкенттік прокурорлар ақын мұрасын дәріптеуге арналған бейнеролик әзірледі
Коллаж: Elordainfo.kz

Шымкент қаласы прокуратурасы «Абайды оқы, таңырқа!» байқауына арналған бейнеролик әзірледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап. 

Бейнероликте Абай Құнанбайұлының өлеңін Шымкент қаласы прокурорының көмекшісі Әлжан Дінислам Русланұлы мәнерлеп оқып, шығармадағы ой мен тағылымды басқарма прокуроры Салхудин Бектөре Амангелдыұлы кеңінен түсіндіріп береді.

«Ұлы Абайдың мұрасын дәріптеуге бағытталған бұл бейнеролик ақынның өнегелі сөздерін кеңінен
насихаттап, ұлттық құндылықтар мен рухани тәрбиенін маңызын айқындайды», - делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін сегіз айда қазақ тілін меңгерген сарбаз Абай өлеңдерін жатқа айтып жүргені туралы жаздық.