Биыл елімізде 63 млн тонна көмір өндірілді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл елімізде 63 млн тонна көмір өндірілді

Көмір ең көп өндірілген өңір жылдағыдай Павлодар облысы болып шықты: мұнда жеті ай ішінде 37,2 млн тонна көмір өндірілген, бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,3%-ға аз. Үздік үштіктің қатарына Қарағанды (21,1 млн тонна) және Шығыс Қазақстан облыстары (4,2 млн тонна) да кіреді.

Бүгінде отандық көмір өндіру саласында «Богатырь Көмір» ЖШС, «Майкөбен-Вест» ЖШС, «Ангренсор Энерго» ЖШС секілді компаниялар жұмыс істейді.

Аталмыш кезеңде Қазақстан 254,9 млн АҚШ доллары сомасындағы 16 млн тонна көмірді экспорттады.

Қазақстандық көмірдің 80,1%-ы, яғни 12,8 млн тоннасы ТМД елдеріне жөнелтілді: бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5%-ға артық. Біздің көмірдің басты импортері Ресей болып отыр, бұл ел биыл 10,5 млн тонна көмірімізді импорттады.

Сондай-ақ Қазақстан 1,2 млн тонна көмірді Беларусьқа, 491,7 мың тонна көмірді Украинаға экспорттады.

ТМД құрамына кірмейтін елдерге 45,2 млн АҚШ доллары сомасындағы 3,2 млн тонна қазақстандық көмір жөнелтілді. Олардың ішіндегі басты импортер – Швейцария (2,7 млн тонна). Көмірдің тағы біршама көлемі Біріккен Корольдік (191,8 мың тонна) мен Түркияға (150,6 мың тонна) жіберілді.