Ауыз ашарда және бекіткенде оқылатын дұғалар


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айы кезінде ауыз бекіткенде және ашқанда оқылатын дұғаны назарға ұсынды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ақпарат агенттігі.
Ауыз бекітерде оқылатын дұға:
نَوَيْتُ أنْ أصُومَ صَوْمَ شَهْرٍ رَمَضَانَ مِنَ الْفَجْرِ إِلَى الْمَغْرِبِ خَالِصًا لِلَّهِ تَعَالَى
«Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә. Уа би сауми ғадин науайту мин шахри рамадан».
«Таңертеннен кешке дейін Алланың разылығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».
***
Ауызашардағы дұға
«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә‘аләйкә тәуәккәлту уә‘ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мә аххарту».
«Я, Аллам! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күнінде де ауыз бекітуге ниет еттім. Менің өткен және келешек күнәларымды кешір гөр!».



