Полицейлер қызметтік иттің көмегімен аса ірі көлемдегі есірткіні тәркіледі (ВИДЕО)


Астанада полицейлер «Корона» атты қызметтік иттің көмегімен аса ірі көлемдегі есірткіні тәркіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Күйгенжар» бекетінде полиция қызметкерлері Toyota Corolla көлігін тоқтатты. Тексеру барысында «Корона» атты қызметтік ит есірткі иісін сезіп, белгі берді.
Полицейлер көліктің жүк салғышынан ішіне шамамен 2 келі марихуана салынған чемоданды тауып, тәркіледі», - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, 33 және 35 жастағы күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тыйым салынған заттарды анықтауда басты рөлді бельгиялық овчарка «Корона» атқарды. Ол 2020 жылы коронавирус пандемиясы кезінде туғандықтан, осындай есім берілген. Қызмет еткен жылдары ішінде «Корона» мол тәжірибе жинақтап, жоғары кәсіби дағдыларға ие болды. Төрт аяқты адамның серігі бірнеше рет әртүрлі жерлерге жасырылған есірткі мен тыйым салынған заттарды табуға көмектескен.



