19 жастағы футболшы ойын кезінде көз жұмды

Бүгін, 08:34
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views58
19 жастағы футболшы ойын кезінде көз жұмды
Фото: kff.kz

Бірінші футбол лигасында ойнайтын «Хан Тәңірі» клубының ойыншысы Диас Төлеу матч кезінде есінен танып, ойын алаңында қайтыс болды, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

Ақпаратты Қазақстан футбол федерациясы растады.

Федерация құзырлы органдармен бірлесіп, арнайы комиссия құрып, тексеру жүргізбік. Оқиғаның мән-жайын білу үшін Федерация бас хатшысы Давид Лория мен клубтар арасындағы жарыстар дирекциясының басшысы Бақытжан Пазылхайыр Алматы қаласына шұғыл аттанған.

«Қазақстан футбол федерациясы марқұмның отбасы мен жақындарына, сондай-ақ командасына қайғыра көңіл айтады. Бұл – қазақстандық футбол қауымдастығы үшін ауыр әрі орны толмас қайғы», – делінген хабарламада.

Әзірге федерация марқұмның отбасына құрметпен қарап, расталмаған ақпарат таратпауға шақырды. Қосымша ақпарат тексеру аяқталған соң жария етпек.