Ипотекалық несиелеу көлемі екі есеге артады

Фото: Оңалхан Өнерхан
Үкімет халыққа арналған ипотекалық несиелердің көлемін екі есе арттыру туралы шешім қабылдады.
Бұл шара базалық мөлшерлеменің өсуінен кейін банктердің ипотекалық ұсыныстары азайған жағдайда тұрғын үй алуға қолжетімділікті сақтау мақсатында қабылданған.
Нәтижесінде, «Наурыз» және «Наурыз-Жұмыскер» бағдарламалары аясындағы қаржыландыру көлемі 500 млрд теңгеге дейін ұлғаяды.
Сонымен қатар, «Әскери баспана» бағдарламасы қайта іске қосылады — ол жыл сайын шамамен 7 мың әскери отбасының жаңа немесе қайталама нарықтан үй алуына мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, үкімет жеңіл автокөлік сатып алу үшін лизинг жүйесін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл азаматтардың көлік иелену мүмкіндігін кеңейтпек.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 11:43
Әлеуметтік қызметкерлер мен жобаларға арналған байқаудың финалистері анықталды

Бүгін, 11:24
Қаржы мониторингі агенттігі қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

Бүгін, 09:12
Қазақстандықтарға 555 млрд теңгеден астам сомада әлеуметтік төлемдер төленді

16 қазан, 2025
Биыл қазақстандық аналарға 449 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді