Шорт-тректен Қазақстан құрамасы әлемдік турдың жартылай финалына өтті

Бүгін, 10:46
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views37
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы әлемдік турдың жартылай финалына өтті
Фото: olympic.kz

Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен Әлемдік турдың екінші кезеңі басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақстанның әйелдер құрамасы эстафетаның іріктеу кезеңінде жартылай финалға жолдама алды.

Ширек финалда ұлттық құрама Канада мен Польша спортшыларын алға жіберіп, үшінші болып мәре сызығын кесті.

Жартылай финалға тікелей екі команда ғана өтті. Ал Қазақстан құрамасы мен АҚШ спортшылары уақыт көрсеткіші бойынша келесі кезеңге шықты.

Айта кетейік, жартылай финал 18 қазан күні өтеді.