Еркін күрестен әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды

Бүгін, 21:05
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views37
Еркін күрестен әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды
Фото: uww.org

Еркін күрестен Нови-Садта (Сербия) өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан жастар құрамы жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Біріккен күрес әлемінің (UWW) мәліметіне сәйкес, ел намысын төмендегі балуандар қорғайды:

57 келіге дейін: Жахонгир Ахмаджанов

61 келіге дейін: Мерей Базарбаев

65 келіге дейін: Рүстем Төлен

70 келіге дейін: Майис Әлиев

74 келіге дейін: Диас Сағдатов

79 келіге дейін: Ерхан Әбіл

86 келіге дейін: Мұханбет Мәмбетов

92 келіге дейін: Айбек Айтбеков

97 келіге дейін: Ризабек Айтмұхан

125 келіге дейін: Бауыржан Советов.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 20-27 қазан аралығында өтеді.