Елордадағы «Шарапат» орталығында Республика күніне арналған іс-шара өтті

Республика күніне орай елордадағы «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мерекелік концерт өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мерекелік іс-шара қарттар мен ардагерлерге көңіл бөліп, оларға жылы лебіз білдіріп, мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұсынысы бойынша ұйымдастырылды.
«Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, запастағы полковник Жанарбек Мәдединов жиналғандарды Республика күнімен құттықтады.
Концертте көрерменге ҚР ҰҚК Шекара қызметі Әскери-патриоттық қызмет басқарамасы ансамблінің музыкалық сүйемелдеуімен «Тәуелсіздік байлығым», «Елім-ай», «Қазақстаным», «Музыка нас связала», «Синяя вечность», «Мы эхо» сияқты патриоттық әндер мен халық әндері, қазақ және шетел композиторларының әйгілі шығармалары ұсынылды.
Шекарашылар қарияларға тәттілер мен жеміс-жидек және ыстық шай ұсынды. Өздеріне көрсетілген ерекше сый-құрметке дән риза болған қариялар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.



