Қазақстандық шахматшылар Албанияда үш медаль жеңіп алды

Фото: Қазақстан шахмат федерациясынан
Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Албанияның Дуррес қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында жоғары жетістікке қол жеткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Марк Смирнов пен Эдгар Мамедов әлем чемпиондары атанса, Сауат Нұрғалиев күміс медальді қанжығасына байлады.
Жарысқа 84 елдің 711 шахматшысы қатысты.
Турнир аясында швейцариялық жүйе бойынша бірінші 40 жүріске 90 минут, партияның соңына дейін 30 минут берілетін және әр жүріс үшін 30 секунд қосылатын классикалық уақыт бақылауымен 11 тур өтті.
Қазақстан намысын 14, 16 және 18 жасқа дейінгілер санатына кіретін 44 спортшы қорғады.
Ұқсас жаңалықтар