Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың ерлігі жайлы фильм көрерменге жол тартады

Фото: видеодан скриншот
Еліміздің кинотеатрларында 23 қазаннан бастап «Қазақфильм» киностудиясының «Капитан Байтасов» атты көркем фильмі көрсетіле бастайды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Фильм нақты оқиға желісі негізінде түсірілген және 2011 жылы Тараз қаласында қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігіне арналған.
Картинаны Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген.
Көркем фильмнің премьерасы 23 қазанда өтеді. Онда басты рөлдерді Азамат Сатыбалды, Еркебұлан Дайыров, Асан Мәжит, Дархан Сүлейменов және Қобыланды Болат сомдайды.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 10:27
Жетісу облысында 8 жаңа су қоймасы салынады

Бүгін, 10:08
Елімізде оқушылар арасында алғаш рет қаржылық сауаттылық пен цифрлық қауіпсіздік олимпиадасы өтеді

16 қазан, 2025
Республикалық маңызы бар «Қалбатау – Майқапшағай» автомобиль жолы пайдалануға берілді

15 қазан, 2025
Елімізде телевизия мен радио арқылы хабар тарату уақытша тоқтатылады