Елімізде телевизия мен радио арқылы хабар тарату уақытша тоқтатылады

Елімізде 16 қазанда жоспарлы-профилактикалық жұмыстарға байланысты телевизия мен радио арқылы хабар тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлады Elordainfo.kz «Қазтелерадио» АҚ сайтына сілтеме жасап.
«Қазтелерадио» АҚ толассыз әрі сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфир желілерінің техникалық құралдарында сервистерді жабу арқылы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
2025 жылғы 16 қазанда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфир желілерінің техникалық құралдарында сервистерді жабу арқылы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
«Жұмыстарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында телерадиоарналардың ретрансляциясы уақытша тоқтатылады», - делінген хабарламада.
Компания өкілдері уақытша қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрайды.



