Әнші Бүркіттің ата-анасы инстаграмда тренд видео түсіріп, жұртты күлкіге қарық қылды

4 наурыз, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
Әнші Бүркіттің ата-анасы инстаграмда тренд видео түсіріп, жұртты күлкіге қарық қылды
фото: видеодан алынған кадр

Желіде Әнші Бүркіттің ата-анасы трендке айналған видеоны қайталады. Оның белгілі актриса Әсел Асқар түсірген, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бейнежазбада актриса алдымен ата-әжесіне трендтің шартын түсіндіріп, қалай жауап беру керегін түсіндірген. Кейін ол қарияларға сұрақтар қойды. Видеодан актрисаның әжесі белсенді жауап беріп,жолдасына қалай жауап беру керегін айтып отырғанын байқауға болады.

«Ата ойынан айнымай тұрғанда тез-тез түсіріп тастадық трендтті. Ата & Аже = Махаббат»,- деп жазды актриса. 

Желі қолданушылары бұл видеоға қатысты түрлі пікір білдіріп жатыр. 

«Не үшін қартайған кісінің мазасын аласыңдар», «Әже екі адам үшін ойланып, жауап береді», «Атаға бәрібір, кемпіріне сеніп алған», «»Күлсең кәріге күл», «Осылай қартаюды нәсіп етсін», «Сіздерден кейін бұл тренд қызық емес», «Қазақша жауап берсе атаның ойын білетін едік»,- деп жазды олар.