Еліміздегі танымал тау-шаңғы курортына былтыр 1,5 миллион адам барды

фото: shymbulak.com/news/358
2024 жылы «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты 1,5 млн қонақ қабылдады. Бұл – отандық және шетелдік туристердің жалпы саны, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, тау-шаңғы курортына жазғы және қысқы маусымда шамамен бірдей туристер келген.
Яғни, жазғы маусымда – 700 мың, қысқы кезеңде 800 мың адам «Шымбұлаққа» барған. Туристер санының жылдық өсімі 24%-ды құрады.
Алматыда орналасқан «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты ел тұрғындары арасында да, шетелдік меймандар арасында да кеңінен танымал бола бастады. Мұнда көбінесе Ресей, Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея және Таяу Шығыс елдерінен туристер келеді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 16:21
Қазақстан делегациясы Санкт-Петербургтегі Ресей Кеден академиясының студенттерімен кездесті

Бүгін, 13:56
Қылмыстық істердің 90% электрондық форматта тергеп-тексеріліп жатыр

Бүгін, 13:31
Орталық Азия елдері өңірдегі су мәселелерін шешудегі Қазақстанның рөлін жоғары бағалады

Бүгін, 10:28
Биыл 12,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді