Абай облысында жасөспірім қыз іздестіріліп жатыр

Абай облысында хабар-ошарсыз кеткен 13 жастағы қызға іздеу салынды. Полиция тұрғындардан жасөспірімді іздестіруге көмек көрсетуді сұрайды, деп хабарлады Elordainfo.kz облыстық ПД-ға сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, 2012 жылы дүниеге келген Саржан Аружан Ануарқызы іздестіріліп жатыр.
Ол 2025 жылғы 13 қазанда Бородулиха ауылы, Достық көшесінде орналасқан үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Осы уақытқа дейін оның қайда екені белгісіз.
Белгілері: дене бітімі арықтау келген, қараторы, шашы ұзын, қара түсті, көзі қоңыр. Көзінің астында меңі бар. Бойы 155-160 см шамасында.
Үстіндегі киімі: қара түсті болон күрте, ақ түсті капюшоны бар толстовка, ақ түсті кроссовка.
Полиция егер суреттегі жасөспірім қыздың жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат болса, 102 телефон нөміріне хабарласуды сұрайды.



