Іздеуде жүрген экс-адвокат ҰҚК-нің қолына түсті

Бүгін, 10:58
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views50
Іздеуде жүрген экс-адвокат ҰҚК-нің қолына түсті
фото: ҚР ҰҚК

2025 жылдың 11 қазанында ҰҚК ҚР ІІМ Интерпол Ұлттық Орталық бюросымен бірлесіп, халықаралық іздеуде жүрген елордалық алқаның бұрынғы адвокатын шетелден Астана қаласына жеткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Көрсетілген адам аса ірі көлемдегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілініп, 2023 жылдан бері әділ соттан жасырынып жүрген.

«Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында қамауда», - делінген хабарламада. 

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.