Қасым-Жомарт Тоқаев: «Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді»

Фото: Ақорда
Бұл туралы Президент Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Мемлекет басшысы ретінде мен үшін Парламент – еліміздегі саяси жүйенің негізгі тірегі. Сондықтан алдымен Конституцияға бірқатар өзгеріс енгізу қажет болады.
Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді. Содан соң кем дегенде 10 конституциялық заңға және 50-ден астам кодекс пен заңға түзету енгізу керек болады. Мұны жаңа Конституция қабылдаумен тең келетін іс деуге болады.
Әрине, бұл жұмыстың бәрін табан астында, бір сәтте жүзеге асыру мүмкін емес. Тыңғылықты дайындық керек.
Сондықтан алдағы реформаның кейбір концептуалды тұстарына қатысты ой-пікірімді білдіргім келеді», - деді Президент.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 12:27
Байыпты жолмен бір палаталы Парламентке өтуді бастаймыз - Президент

Бүгін, 12:16
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»

7 қазан, 2025
Президент Габаладағы Конгресс-орталыққа барды

3 қазан, 2025
Президент алдағы күндері Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барады