Алексей Цой Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

Бүгін, 14:41
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views59
Алексей Цой Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Мемлекет басшысының өкімімен Алексей Владимирович Цой Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.

Алексей Цой 1977 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.

Білімі:

– 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясын бітіріп, дәрігер мамандығын алған.

– 2007 жылы «Дәнекер» халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтының заң факультетін тәмамдап, заңгер мамандығын иеленген.

Еңбек жолы:

– 2001-2007 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық ғылыми медициналық орталығында» хирург-эндоскопист болып жұмыс істеді.

– 2002-2004 жылдары GlaxoSmithKline фармацевтикалық компаниясының Астана қаласы бойынша аймақтық даму менеджері қызметін атқарды.

– 2007 жылдан бастап Президент Іс басқармасы жүйесіндегі Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу орталығында жетекші ғылыми қызметкер, кейін директор болды.

– 2010-2011 жылдары Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы болды.

– 2011-2014 жылдары Астана қаласы әкімдігіне қарасты №1 қалалық аурухананың бас дәрігері қызметін атқарды.

– 2014-2017 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі.

– 2017-2019 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі.

– 2019 жылдың ақпанынан бастап – Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы.

– 2020 жылғы 22 маусымнан бастап – ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі.