Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жаңа орынбасар тағайындалды

Бүгін, 17:16
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views56
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жаңа орынбасар тағайындалды
Фото: gov.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен Тимур Бөкейханұлы Әбілқасымов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ Нұрлан Әбдірахманов Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.