28 млн теңгені белгісіз шоттарға аударған киберқылмыскерлер ұсталды

4 наурыз, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
28 млн теңгені белгісіз шоттарға аударған киберқылмыскерлер ұсталды
Фото: видеодан скрин

Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында ірі көлемдегі алаяқтық дерегі анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Тергеу кезінде Д. есімді азаматтың депозиттік есепшотынан 28,4 млн теңге белгісіз адамдардың есепшоттарына заңсыз аударылғаны анықталды.

Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Жедел іздестіру шаралары барысында Астана қаласында үш адам ұсталды. Олардың екеуі – Ақтау қаласының, біреуі – Қарағанды облысының тұрғыны. Тергеу нәтижесінде күдіктілердің есепшотына жәбірленушінің ақшасы түскені белгілі болды.

Қылмысты ұйымдастырды деген күдікке ілінген Ақтау қаласының тұрғыны жасырынып жүрген жерінен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.

Қазір тергеу жалғасып жатыр.