Елімізде 1 млн теңгеден астам жалақы алатын мамандық иелері анықталды


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған бакалавриат түлектерінің жалақысы 1 миллион теңгеден асады екен. Сондай-ақ одан кейінгі қатарда «5B070800 Мұнай-газ ісі» (338,4 мың теңге), «5В071500 Теңіз техникасы және технологиялары» (298,7 мың теңге), «5B070700 Тау-кен ісі» (276,1 мың теңге), «5В070600 Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» (257,4 мың теңге), «5B100200 Ақпараттық технологиялар жүйесі» (268,5 мың теңге) мамандықтары бар.
Магистрлерге келетін болсақ, ең жоғары жалақы «6М052000 Іскерлік әкімшілік» (614,8 мың теңге), «6М051400 Қоғаммен байланыс» (500,7 мың теңге), «6М070700 Тау-кен ісі» (391,6 мың), «6М070800 Мұнай-газ ісі» (386 мың теңге), «6M070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» (374,7 мың теңге) бойынша оқуды аяқтағандардың үлесінде.



