ДСМ Қазақстанда 44 781 бала психикалық есепте тұрғанын мәлімдеді


Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда психикалық ауытқулары бар 44 781 кәмелетке толмаған бала есепте тұрғанын мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
АСТАНАДА ҚАНША БАЛА БАР
Олардың ішінде 301 балаға «шизофрения» диагнозы қойылған. Психикалық ауытқулары бар балаларға медициналық-әлеуметтік көмек 20 өңірлік Психикалық денсаулық орталығында және республикалық деңгейде Республикалық ғылыми-практикалық психикалық денсаулық орталығында көрсетіледі.
Былтыр 10 595 кәмелетке толмаған бала стационарлық ем қабылдаған, оның ішінде 178 бала – шизофрения диагнозымен. Сол секілді Астанада 5000-нан астам бала психиатрлардың бақылауында тұр.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске сала кетейік, бұған дейін елордада жасөспірім кішкентай баланы пышақтап тастағанын жазған едік.
Кейін дәрігерлер жәбірленушінің жай-күйін мәлімдеген болатын.
«Бала тексерілді, ота жасалды, хирургтар қанды тоқтату үшін тамырларды байлады. Баланың жалпы жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалайды. Отадан кейінгі жағдайы тұрақты», - деп хабарлады елордалық басқарма.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Астанада баланың бетін пышақпен тілгілеп тастаған жасөспірімнің қайда екені белгілі болды



