Елордада жасөспірім кішкентай баланы пышақтап тастаған
![Ернұр Қайнар](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада жасөспірім кішкентай баланы пышақтап тастаған](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173929037325888429.webp)
Астанада жасөспірім кішкентай баланы пышақтап тастады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оқиға қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінің лифтінде болған. Жантүршігерлік оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Жағдайға қатысты Астана қалалық Полиция департаменті мәлімдеме жасады.
“Оқиға бойынша тергеу барысында психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұрған кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Оның заңды өкілдері полицияға шақыртылды, олар тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін заңмен жауапқа тартылады. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шабуыл жасаған жасөспірім қажетті тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін белгіленген тәртіппен оқшауланатын болады”, – делінген полиция хабарламасында.
Бала ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы ауыр.
![Өгей әкесінің зорлығынан соң босанған қыздың анасы күйеуінің адал екеніне сенген](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173927313515914939.webp)
![Астанада 6 млн теңгенің құрал-саймандарын ұрлаған азамат ұсталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173926692246916614.webp)
![Атырауда 5 жасар қыздың өліміне дәрігерлердің кінәсі бар-жоғы анықталып жатыр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173926733642293491.webp)
![Алаяқ адамдарды пайда табу үшін ақша салуға шақырған](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17392602561132305.webp)