Дәрігерлер елордада бетінен пышақталған баланың қазіргі жай-күйін айтты


Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бетінен пышақталған баланың қазіргі жай-күйін айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ДӘРІГЕРЛЕР НЕ ДЕДІ
Бала №2 көпсалалы балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөліміне жатқызылған. Дәрігерлер қан кетуді тоқтату үшін тамырларды байлау (лигирование) отасын сәтті өткізді.
Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда баланың жағдайы тұрақты, орташа ауырлық дәрежесінде. Десе де, бала белсенді. Бұл бала оңалып келе жатыр деген сөз.
Дәрігерлер оның денсаулығын үнемі бақылауда ұстап отыр.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
Еске сала кетейік, бұған дейін елордада жасөспірім кішкентай баланы пышақтап тастағанын жазған едік.
Кейін дәрігерлер жәбірленушінің жай-күйін мәлімдеген болатын.
«Бала тексерілді, ота жасалды, хирургтар қанды тоқтату үшін тамырларды байлады. Баланың жалпы жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалайды. Отадан кейінгі жағдайы тұрақты», - деп хабарлады елордалық басқарма.