26 қарашада «Әділет» партиясының өкілдері Әзербайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Кездесуде елордада жаңа емханалар ашу, тұрғын үй қорын жаңарту, көлік инфрақұрылымын дамыту және мәслихат депутаттарының тұрғындар алдындағы жауапкершілігі сөз болды.
№11 сайлау округі бойынша Астана қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат, партияның «Есіл» аудандық филиалының төрағасы Санира Жүсіпова «Есіл» мен «Нұра» аудандарында емханалар ашу жоспарына тоқталды. Ол қалалық бюджетті бекіту кезінде білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы тұрғындардың қажеттілігін ескеру маңызды екенін атап өтті.
Жүсіпованың айтуынша, «Таза Қазақстан» бастамасы аясында «Есіл» ауданында 10 мыңнан астам ағаш отырғызылған. Партияның сайлауалды бағдарламасында 2028 жылға дейін мүгедектігі бар 300 адамды оқыту да көзделген.


Партиялық тізім бойынша кандидат Вероника Масимова тұрғын үйге қатысты ұсыныстарды таныстырды. Бағдарламада апатты жағдайдағы және тозығы жеткен 204 үйдің тұрғындарын көшіру, мемлекеттік тұрғын үй қорындағы 90 үйді күрделі жөндеуден өткізу және осы қордағы 3 мың пәтерді жекешелендіруге жәрдемдесу көзделген. Масимова денсаулық сақтау мен белсенді ұзақ өмір сүру де бағдарламаның басым бағыттарының бірі екенін айтты.

Партиялық тізім бойынша кандидат Олжас Сыдықбек алдағы құрылыс жылы аясында елорданың инфрақұрылымын дамыту туралы айтты. Ол жаңа медициналық нысанның ашылуына, LRT желісін Қосшыға дейін ұзарту жоспарына, көшелер мен саябақтарды абаттандыру жұмыстарына тоқталды.
«Бұл – қоғамдық жұмыс. Сондықтан біздің басты мақсатымыз – қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып, қаламыздың тұрғындар үшін одан әрі жайлы болуын қамтамасыз ету», – деді Олжас Сыдықбек.

Кездесуде №12 сайлау округі бойынша кандидат Нұрбол Тұрсынбаевтың атынан оның сенімді өкілі Сұңқар Хангелдина сөз сөйледі. Ол Тұрсынбаевтың денсаулық сақтау саласындағы еңбегін атап өтіп, өзі басқаратын ауруханада жыл сайын шамамен 5 мың сәби дүниеге келетінін айтты.

* Астана қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.