Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада ел намысын қорғап жатыр


Сараево қаласында (Босния және Герцеговина) өтіп жатқан Халықаралық Балқан математика олимпиадасында қазақстандық оқушылар ел намысын қорғап жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Беделді интеллектуалдық жарысқа республикалық математика олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері жолдама алды.
Қазақстан құрамасына 6 дарынды оқушы кірді:
1. Шарел Марғұлан – 11-сынып оқушысы, Spectrum International School, Астана қ.;
2. Сахипов Амир – 11-сынып оқушысы, Республикалық физика-математика мектебі, Алматы қ.;
3. Аманжолов Амирлан – 11-сынып оқушысы, Haileybury Almaty, Алматы қ.;
4. Орынбасар Бердібек – 10-сынып оқушысы, «Білім-инновация» №1 дарынды балаларға арналған лицей-интернаты, Атырау облысы;
5. Нұрланов Дамир – 12-сынып оқушысы, НЗМ, химия-биология бағыты, Ақтау қ.;
6. Усенов Эльдар – 10-сынып оқушысы, НЗМ, физика-математика бағыты, Алматы қ.
Балқан олимпиадасы – Қазақстанның ұлттық құрамасы үшін аса маңызды білім додасы. Осы жолы да біздің оқушыларымыз еліміздің абыройын асқақтатып, жоғары нәтижелерге жетуді көздеп отыр. Әрі бұл Халықаралық математика олимпиадасына дайындық болмақ.
Еске салайық, былтыр қазақстандық мектеп оқушылары Балқан олимпиадасында үздік үштікке енген еді.



