Референдум-2026

Президент әлем чемпионы атанған қазақстандық семсерлесушілерді құттықтады

Бүгін, 21:19
Думан Аманжол Думан Аманжол
Президент әлем чемпионы атанған қазақстандық семсерлесушілерді құттықтады
Фото: Айбек Смадияровтың telegram-каналы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасын Гонконгта өткен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың ресми telegram-каналына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы құттықтауында семсерлесушілердің ел тарихындағы тұңғыш алтын медалі спорттық шеберліктің, болаттай берік мінез бен командалық рухтың айқын көрінісі екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеңімпаздар мен жаттықтырушылар құрамына Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін арттыруға қосқан үлесі үшін шынайы алғысын айтып, жаңа жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірді.

Еске салсақ, ел құрамасы Гонконгта семсерлесуден әлем чемпионы атанды.