Референдум-2026

Тарихи жеңіс: Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем чемпионы атанды

Бүгін, 17:51
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Тарихи жеңіс: Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем чемпионы атанды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Гонконг қаласында өтіп жатқан семсерлесуден ересектер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан үшін тарихи нәтиже тіркелді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Санаулы сəттер бұрын Қазақстан командасы (Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов) финалда Украина семсерлесу шеберлерімен күш сынасты. Бас жүлде үшін болған тартысты айқас 45-40 есебімен аяқталып, біздің төрттік Қазақстанға спорттың осы түрінен әлем чемпионатының алғашқы алтын жүлдесін сыйлады.

Бұл – Қазақстан ерлер командасы үшін жалпы әлем чемпионатының алғашқы финалы. Осыған дейінгі үздік көрсеткіш – былтырғы қола медаль. Қазақстан бір жыл бұрын Грузия астанасында өткен додада әлемдік деңгейдегі көшбасшы Францияны ұтып, тарихи қола жүлдеге қол жеткізген.

Қазақстан командасының бүгінгі жекпе-жектер нәтижесі:

Жартылай финал: Қазақстан – Мысыр 41-32

Ширек финал: Қазақстан – Дания 45:36 

1/8 айналым: Қазақстан – Өзбекстан 28:27 

1/16 айналым: Қазақстан – Финляндия 45:39

Айта кетейік, қазір семсерлесуден ерлер Ұлттық құрамасы әлем рейтингінде 5-орында тұр.