Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Загребте (Хорватия) өтетін Гран-при кезеңіне қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Байрақты бәсекеде ел намысын 19 дзюдошы қорғайды.
Ерлер:
60 келі: Аман Бақытжан, Нұраділ Әлжан
66 келі: Нұрқанат Серікбаев, Бақытжан Абдурахманов
73 келі: Данияр Шамшаев
90 келі: Ермахан Әнуарбеков, Нұржан Бисенов
100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев, Жантілек Нұртілепұлы
Әйелдер:
48 келі: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева
52 келі: Меруерт Сәрсенова, Аружан Ережепова
57 келі: Дана Әбдірова
63 келі: Эсмигүл Куюлова
70 келі: Ажар Асхат
78 келі: Екатерина Токарева
78 келіден жоғары: Аида Тойшыбекова, Камила Берліқаш
Айта кетейік, тізімге өзгерістер енуі мүмкін. Гран-при кезеңі 13-15 қараша аралығында өтеді.
Еске салсақ, Қазақстан құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатында екі алтын жеңіп алды.